Жаңа гуманитарлық білім. 100 жаңа оқулықтар

«Жаңа гуманитарлық білім. 100 жаңа оқулықтар» жобасы аясында аударылып басылған кітаптардың университет кітапханасына келіп түскенін жариялаймыз. Бұл қазақ тіліндегі ЖОО студенттеріне арналған тарих, халықаралық құқық, психология, философия, педагогика, маркетинг, өнертану және т.б. бойынша жарық көрген 30 атаулы оқулықтары болып табылады.

Жоба Елбасы – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының бір бағыты бойынша жүзеге асырылуда.

«Жаңа гуманитарлық білім. 100 жаңа оқулықтар» жобасы аясында жарық көрген 100 атаулы кітаптар мен оқулықтардың электрондық нұсқасы (https://openu.kz/kz/books) кітапханамыздың электронды сайтында (https://lib.iuth.kz) орналасқандығын ескертеміз. Сіздерді жаңа оқулықтармен танысуға шақырамыз!