«Қожа Ахмет Яссауи» атындағы халықаралық қазақ -түрік университетінен сыйға келген кітаптар

Бүгін  «Қожа Ахмет Яссауи» атындағы халықаралық қазақ -түрік университеті ақпараттық-ресурстық орталық кітапханасы атынан «Халықаралық туризм және меймандостық» университінің кітапханасына  680 дана кітапты сыйға берді. Еліміздегі үлкен университеттен  іргетасы енді қаланған жаңа университетке бұл шын мәнінде үлкен сыйлық. «Халықаралық туризм және меймандостық» университі атынан «Қожа Ахмет Яссауи атындағы қазақ -түрік» университетінің ректоры Ж.А.Темирбековаға және  АРО басшысы А.А.Абсеметоваға үлкен алғыс білдіреміз