Кітапхана Туралы Ақпарат

Халықаралық туризм және меймандостық университеті
  • Кітапхана туралы ақпарат

    Халықаралық «Туризм және меймандостық» университетінің кітапханасы өз жұмысын 2020 жылы бастады.
    Кітапхана университеттің бірінші ғимаратыда орналасқан және 184,6 шаршы метр аумақты алып жатыр.
    Халықаралық «Туризм және меймандостық» университеті кітапханасының негізгі миссиясы-университеттің көпсалалы білім деңгейіне сәйкес сапалы кітапхана қорын құру, оқырмандар үшін қолайлы ақпараттық ортаны қалыптастыру, Ақпаратқа қол жеткізуді ұсыну, кітапхана процестерін автоматтандыру, электрондық кітапхана құру.
    - әдебиеттерді жинақтау, өңдеу және кітап сақтау бөлімі №021;
    - кітапхана және оқу әдебиеті абонементі №125;
    - оқу залы №217;
    - электронды залы №166;
    - ашық қор №124
    Қызмет көрсету бөлімі бірнеше құрылымнан тұрады. Ашық қор және оқу залы, электронды залы бар. Оқырмандарға 1 абонемент,1 оқу залы, 1 электрондық ресурстар залы қызмет көрсетеді. Қызмет көрсету бөлімі оқу әдебиеттерін топтап беруді жүзеге асырады, оқу процестеріне көмекке кітап көрмелерін, ғылыми конференцияларға әдебиеттердің ашық көрмелерін, жаңа кітаптардың тұсаукесерлерін, ақпарат күндерін, кафедра күндерін, дипломдық жұмыс жазушылар күндерін ұйымдастырады.

    Кітапхана қоры құрайды:
    • оқулық және оқу-әдістемелік
    • Түрлі салалық әдебиет
    • көркем әдебиет
    • мерзімді басылымдар