Университет бейіні мен талаптарына сәйкес факультеттер мен кафедралармен бірлесіп қорды толықтырады. Кітап қоры есебінің барлық түрлерін (мүліктік, жеңілдетілген, жиынтық ) жүргізу.Кітап қорын толықтыру сұрақтары бойынша басқа кітапханалармен, ұйымдармен және мекемелермен хат алмасуды жүргізу ,тапсырыстардың толық орындалуы мен жедел түсуін бақылау.Жаңа әдебиеттерді қабылдау және жазу, мерзімді басылымдарға жазылуды жүргізу.
Бөлім келіп түскен құжаттарды жүйелейді және құжаттарды өңдейді. Университеттің кітапханасы каталогтарының әкімшілік ұйымдастыруын жүргізеді ( редакциялау, безендіру және насихаттау).Каталогтар бойынша ақпараттарды іздеу және кеңес беруді жүргізеді.
Студенттер, оқытушылар мен қызметкерлерге 1 оқу залы мен 1 абонементте қызмет көрсетуді ұйымдастырады.Университеттің білім беру бағдарламаларына сәйкес барлық білім салалары бойынша оқулық, анықтамалық және әдістемелік әдебиеттерді уақытша пайдалануды ұсынады.Көпшілік жұмыстарын,жаңа басылымдар тұсаукесерін,тақырыптық кітап көрмелерін ұйымдастырады. Оқу-әдістемелік үдерісін қамтамасыз ету үшін факультеттер және кафедралармен іскери байланыста болады.
Оқу залының қызметкері университет оқытушыларына, магистранттарға, ғылыми ізденушілерге қызмет көрсетеді. Кешенді ақпараттық шаралар өткізеді, анықтамаларды орындайды, оқу қызметіне көмек көрсету үшін библиографиялық көрсеткіштер, тізімдер әзірлейді, ақпаратты іріктеп (саралап) тарату және басшыларға саралы қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді.
Автоматтандырылған ақпараттық-кітапханалық (КАБИС) жүйесінің қызметін ұйымдастырады және оның автоматтандырылған жұмыс орнын өзара әрекеттестіреді. Электронды залды ұйымдастыру жолымен электронды ақпараттық ресурстарға енуді қамтамасыз етеді.Университеттің кітапханасының сайтын үнемі жаңартып, жетілдіреді.
Бөлімге түскен құжаттарды кітапхананың құрылымдық бөлімдері бойынша бөледі және оны пайдаланушылар қажеттілігіне сәйкес қайта бөледі. Кітапхананың құрылымдық бөлімдерінің қорына топографиялық картотекасы мен есепті журналдарын жүргізеді.Кітап қорын тозған, басы артық дублетті, ескі әдебиеттерден тазартып, кітап қорын есептен шығару актілері бойынша жұмыстар жүргізеді.